Ақпарат
Ресми хабарлама
Алаяқтықтан сақ болыңыз
Қор үшінші тұлғалардың оның атын рұқсатсыз пайдалану жағдайлары туралы хабарлайды.
QYZfond брокерлік, инвестициялық немесе қаржылық қызметпен айналыспайды, табыс табуды ұсынбайды және инвестициялық кеңес бермейді.
Егер қор атынан сізге ақша салуды, бағалы қағаздар немесе криптовалюта сатып алуды, пайда табуды не жеке немесе қаржылық деректеріңізді беруді ұсынса — бұл алаяқтық.
Не істеу керек
- байланысты дереу тоқтатыңыз;
- жеке деректеріңізді бермеңіз;
- үшінші тұлғаларға ақша аудармаңыз;
- бұл туралы қорға info@qyzfond.org мекенжайы бойынша хабарлаңыз.
Қор ешкімге инвестициялық немесе қаржылық мәселелерде өз атынан өкілдік етуге уәкілеттік бермеген.